Жоғары сападағы сұрыпталған өнім Қазақстанның коммуналдық-тұрмыстық секторына да, экспортқа да арналған.
Біздің кәсіпорынымыз өнімнің сапасын жақсарту бағытында ұдайы жұмыс істеп келеді. Қаражыра кен орнының көмірлеріне арналып жобаланған көмірді сұрыптау және байыту бойынша өнімділігі жоғары кешендер жылына 3 млн. тоннадан астам көмір өндіреді.