Сертификатталған өнім
Барлық өнім түрлері міндетті сертификаттау шарасынан өткен
Техногенді минералды түзілімдерді құрғақ байыту процесі кәсіпорынға жоғары сапалы көмір өнімін шығара отырып, қалдықтарды және қоршаған ортаны ластау тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді. Техногендік минералды түзілімдерді байыту бойынша қондырғының өнімділігі сағатына 240 тоннаны құрайды, бұл көмір өнімін бұрындары үйінділерге тасып шығаруға кететін көлемдерден алуға мүмкіндік береді.
Сол сияқты кәсіпорында жоғары сапалы сұрыпталған көмірлерді алуға арналған қондырғылар жұмыс істейді. Аталған қондырғылардың ортақ өнімділігі сағатына 1600 тоннаны құрайды.
Сұрыптайтын және байытатын қондырғыларда өндірілетін өнімнің барлық түрлері міндетті сертификаттау шарасынан өтіп, сәйкестік сертификатын алған. Оларға жататындар:
- Қаражыра кен орнының шаңтектес күйдіруге және құрылыс материалдарын (кірпіш, әк, цемент) өндіруге арналған 0-25 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының шаңтектес күйдіруге және құрылыс материалдарын (кірпіш, әк, цемент) өндіруге арналған 0-50 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктері мен қабатты күйдіруге арналған 25-50 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері (өлшеп оралған.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне, қабатты күйдіруге арналған 25-50 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктері мен қабатты күйдіруге арналған 25-300 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының қабатты және шаңтектес күйдіруге және құрылыс материалдарын (кірпіш, әк, цемент) өндіруге арналған 0-250 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының қабатты және шаңтектес күйдіруге және құрылыс материалдарын (кірпіш, әк, цемент) өндіруге арналған 0-100 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктері мен қабатты күйдіруге арналған 25-100 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктері мен қабатты күйдіруге арналған 50-100 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған 100-300 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының қабатты күйдіруге және құрылыс материалдарын (кірпіш, әк, цемент) өндіруге арналған 10-25 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылмаған көмірлері.
- Қаражыра кен орнының халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне және қабатты күйдіруге арналған 10-70 мм ірілік класындағы Д маркалы байытылған көмірлері.
Сертификат соответствия системы менеджмента качества
ISO 9001:2015
